АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Қауіпсіз каникул – 2023»
«Баламен бірге жазғы демалыста»
Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді.
Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.
Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп-қатерлер де жоқ емес.
Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.
Өкінішке орай көптеген бақытсыздықтар жазғы демалыста орын алады.
Демалыс сізге және балаңызға тек қуаныш әкелуі үшін бірнеше ережелерді сақтау керек:
ü Егер сіз балаңызбен айналысуға шешім қабылдасаңыз, есіңізде болсын, бұл іс-әрекеттеріңіз қысқа болуы тиіс, әрі оларды таңғы уақытта өткізген абзал. Сіздің міндетіңіз балаңыздың білімі мен өз тәжірибеңізді ұштастыра отырып, оның таным көкжиегін кеңейту.
ü Балаңызды теледидар мен компьютерден алшақ ұстауға бар күшіңізді салыңыз, барлық бос уақыттарыңызды таза ауада өткізіңіздер, велосипед, самокат, роликтер тебіңіздер, футбол ойнаңыздар. Жаз – бұл бала денсаулығын нығайтудың жолы және оның келесі оқу жылындағы денсаулығы жазда қалай демалуына байланысты болады.
ü Күн тәртібін сақтауға тырысыңыз, әйтпесе қыркүйекте оған қайтып келу қиынға түседі. Ұйқының қанбауы неврозды дамытады, шаршау жиілейді. Баланың ұйқысы күніне 10 сағаттан кем болмауы тиіс.
ЖОЛДА АБАЙ БОЛ!
Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды.
Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз.
Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.
Балаға көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз: баланың жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз.
Балаға қарауды үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптасуы тиіс: жаяу жүргіншілер жолынан шығар алдында алға қадам жасамас бұрын басын оңға,
солға бұрып жан-жағын, жолдың барлық бағыттарын қарайды. Бұл балада автоматизмге дейін үйретілген болуы тиіс.
Өзіңіз де қатаң есіңізде сақтаңыз және балаңызға да үйретіңіз: кез келген көлік түріне міну үшін де, одан шығу үшін де көлік толық тоқтауы керек. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.
Балалардың жолда бағдарлануына, жолда сақ және мұқият болуға үйретіңіз, ешқашан жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды, жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты алу керек.
Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Психолог қорқыныш пен үрейді жеңуге көмектеседі.
СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖАНЫНДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.
Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:
- Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.
- Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.
Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.
СУДАДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.
Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!
Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді
Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.
Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTube каналына назар аударыңыздар.
Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.
Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.
Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.
Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!
Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:
- Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.
- Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.
- Танымайтын адамдарға есік ашпасын.
АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА
Жаз-баланы жан-жақты дамытуға қолайлы мүмкіндіктер уақыты, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау аса маңызды!
Аққайың ауданының білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шараның атауы |
Күні |
Жауапты
|
1 |
2 |
3 |
7 |
Флешмоб " Балалық шақ әлемі қандай керемет!"Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізіледі |
29-30 мамыр |
Білім беру ұйымдары |
|
Соңғы қоңырау мерекесі |
1 маусым |
Білім беру ұйымдары |
|
Барлық округтердің балаларын шақыра отырып, аудан орталығында "Балаларды Қорғау Күні" мерекелік бағдарламасына қатысу. (Мәдениет үйінің алаңындағы "Айгөлек" балалар музыкалық фестивалі. Қуыршақтарды шақырумен конкурстар, ойындар өткізу. Кинозалда мультфильмдерді көру). |
1 маусым |
Білім бөлімі |
|
АМҮ алаңындағы асфальттағы аудандық сурет байқауы. |
1 маусым |
Білім бөлімі |
|
Білім беру ұйымдарында "Балаларды қорғау күні" мерекелік бағдарламасы |
1 маусым |
Білім беру ұйымдары |
|
Спорттық ойын-сауық ойыны "Міне, жаз келді!» |
1 маусым |
Білім беру ұйымдары |
|
Білім беру ұйымдарында (мектеп жанындағы алаңдар)жазғы маусымның салтанатты ашылуы |
2-5 маусым |
Білім беру ұйымдары |
|
Балаларға арналған "тәтті сыйлықтар" ұйымдастыру |
1-2 маусым |
Білім беру ұйымдары |
|
Балаларға арналған Петропавл қаласына мұражайларға, ботаникалық баққа, ескерткіш орындарға, спорт нысандарына баруды ұйымдастыру |
1-ші маусымнан |
Білім беру ұйымдары |
|
"Балалар еңбегіне қарсы күрестің 12 күні" Ұлттық ақпараттық науқаны аясындағы іс-шаралар |
1-12 маусым |
Білім беру ұйымдары |
«БЕКІТЕМІН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі
________ Б. Асылова
2020 жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық бейне
интернет-жобасының конкурсы туралы
ереже
YouTube видеохостингінің базасында
1. Жалпы ережелер
1.1. «Бақыт отбасынана басталады» республикалық конкурстық бейне интернет-жобасы (бұдан әрі — Интернет-жоба) кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында өткізіледі .
Осы Ереже конкурстың мақсатын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және оның жеңімпаздарын марапаттауды анықтайды.
1.2. Интернет-жобаның мақсатары
Интернет-жоба:
- отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату;
- жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту;
- қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында өткізіледі.
1.3. Интернет-жобаның негізгі міндеттері:
- салауатты, бақытты және тату отбасы мәртебесін нығайту, отбасылық дәстүрлерді сақтау және көбейту;
- студенттердің рухани-адамгершілік тәрбие деңгейін арттыру;
- студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.
1.4. Интернет-жобаны ұйымдастырушылар:
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Конкурстың қоса-ұйымдастырушылары: үкіметтік емес ұйымдар.
2. Интернет-жобаны өткізу шарттары
2.1. Интернет-жобаның қатысушылары
Интернет-жобаның қатысушылары: кәмілетке толмаған балалары бар отбасылар
2.2. Интернет-жобаны өткізу мерзімдері:
Қатысуға өтінімдер қабылдау-2020 жылдың 25 сәуіріне дейін
Бастау — 2020 жылғы 29 сәуір
1 кезең — 2020 жылғы 1-10 мамыр
2 кезең — 2020 жылғы 15-25 мамыр
3 кезең финалдық — 2020 жылғы 1 маусым
2.3. Интернет-жобаның номинациялары
7 номинация:
1-номинация «Менің отбасым — еріктілердің тату отбасы»
2-номинация «Менің отбасым шығармашылық және өнер әлемінде»
3-номинация «Менің отбасым — көптілді отбасы»
4-номинация «Менің отбасымд — спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті»
5-номинация «Біздің отбасымызда барлығы шебер»
6-номинация «Менің отбасым кітаптар әлемінде»
7-номинация «Менің отбасымның ән ұраны, таңбасы, салт-дәстүрлері және реликвиялары»
3. Интернет-жобаны өткізу тәртібі
3.1. Өтінім
Конкурсқа қатысуға өтінімді 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін proektkopd@mail.ru электрондық поштаға жіберу қажет.
Өтінім «Бақыт отбасынан баталады» тақырыбында 3 минут ұзақтығы 3 минут болатын бейнеролик-презентацияны ұсынады.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
Өтінімдердің жалпы санының 70% YouTube видеохостингінің базасында «Бақыт отбасынан басталады» арнасында орналастырылады.
1 отбасы 1-3 номинация бойынша қатыса алады.
Бейнеролик-презентацияда:
- отбасының барлық мүшелері ұсынылады;
- отбасы қатысатын номинациялардың атаулары көрсетіледі;
- шығармашылық бейне-сыйлық (музыкалық, поэтикалық және т.б.)
3.2. Интернет жобаның басталуы және YouTube арнасының ашылуы
Жобаның басталуын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті YouTube арнасында 2020 жылғы 29 мамырда жариялайды.
YouTube арнасында жобаның ішінде қазылар алқасы мүшелерінің, блогерлердің, Қазақстанның танымал адамдарының бейне пікірлері орналастырылады.
3.3. Бірінші кезең
Бірінші кезең 2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында өткізіледі.
Интернет жобаға қатысушы отбасы таңдалған номинацияның тақырыбы бойынша ұзақтығы 3 минуттік бейне роликті орналастырады:
- баланың атынан;
- отбасының ересек мүшесі атынан;
- бірге.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
3.4. Екінші кезең
Екінші кезең 2020 жылдың 15-25 мамыры аралығында өткізіледі.
Интернет-жобаға қатысушы отбасы «Болашақтың Қазақстаны» тақырыбына ұзақтығы 3 минутік бейне ролик орналастырады және елді дамыту бойынша идеяларды ұсынады.
Бағалау критерийлері: мазмұндылығы, креативтілігі, отбасылық құндылықтарды көрсету.
3.5. Соңғы кезең
Соңғы кезең 2020 жылдың 1 маусымында YouTube арнасында өтеді
Интернет-жобаның қорытындысы барлық қатысушы отбасының бейне көрулері мен репостар бойынша шығарылады (видео-өтінім+1-ші бейне+2-ші бейне).
Бір номинацияда жеңген қатысушы отбасы басқа номинацияда жеңімпаз бола алмайды.
Интернет-жобаның жеңімпаздары құрмет дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.
15 наурыз 2019 жылы барлық орта бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерiнiң қатысуымен жергiлiктi атқарушы органдардың, жұртшылықтың және БАҚ-пен өткiзiлген ата-аналар жиналысы «Отбасы тәрбие негiзi — азаматтықты қалыптастыру, өскелең ұрпаққа» Халықаралық отбасы күнiне арналған.
Ата-аналар жиналысының мақсаты отбасылық тәрбие мәселелерiн талқылау, олардың жауапкершiлiгiн арттыру және балаларды тәрбиелеудегi рөлi болды.
2019 жылғы 25 сәуiрде №1 Смирнов орта мектебiнiң базасында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Мамлют, Есiл, Қызылжар, М. Жұмабаев және Аққайың аудандары мектеп директорларының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары мен тәлiмгерлерi қатысқан «Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда бiлiм алушыларды кәсiби бағдарлаудың заманауи тәсiлдерi рухани және патриотизм эталоны ретiнде» атты облыстық семинар өткiзiлдi. Семинар жұмысының негiзгi бағыты кәсiби бағдар беру жұмысында сабақтастық болды, әр түрлi жас категорияларымен жұмыс көрсетiлдi.
Семинарға қатысушылардың назарына мектеп алды даярлық сынып оқушыларының «Кiм болу керек?», 6 сынып оқушысы Ким Лизаның «Жаңа заман кәсiптерi «атты зерттеу жобасы, TEDх форматындағы түлектердiң сөз сөйлеуi,» Жүз жол — бiрi сенiкi!». Семинарға қатысушылармен бизнес сабағы өткiзiлдi. ЖЖИ жұмысы жүйелендiрiлiп, жалпыланды, үгiт бригадасы көрсетiлдi.
Семинар соңында «Ұлы даланың жетi қыры» атты музыкалық композиция ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар семинарға жоғары баға берiп, семинарды жоғары ұйымдастырғаны үшiн мектеп әкiмшiлiгiне алғыстарын бiлдiрдi.
2019 жылы жалпы орта білім беретін ұйымдарда жастар жылына арналған «Болашақ жастардікі» тақырыбында мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы
Мектеп бітіру іс-шарасының өткізілу күні — 2019 жылғы 12 маусым
Мектеп бітіру іс-шарасы — әр түлек өмірінде адамгершілік, қайырымдылық және алғыс білдіру сабағы болатын, өзіндік есею жолына бастау алатын мектептегі соңғы іс-шара
Мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тұжырымдамасы
- «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасына;
- Н. Назарбаевтың ««Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы);
- «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 53 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның мақсаты: жастардың мектептегі кезеңіне қорытынды шығару жөніндегі ұйымдасқан және қауіпсіз салтанатты шара өткізу.
Түлектерге арналған салтанатты іс-шараның міндеттері:
- Қазақстандық мектеп түлегінің имиджін арттыру;
- мектеп дәстүрін сақтау, жаңарту;
- Қазақстандық мектеп бітірушінің сипатын БАҚ-да кеңінен тарату;
- «Алтын белгі», үздік аттестат иегерлерін дәріптеу арқылы білімді ұрпақ идесын насихаттау;
- «Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақ» ұстанымын қастерлеу;
- Ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім түлектерге әлеуметтік қолдау көрсету;
- мамандық таңдауға бағыт — бағдарлар беру.
Түлектер іс-шарасына енеді:
- 2019 жылғы 25 мамырдағы Соңғы қоңырау мерекесі;
- аттестатты салтанатты түрде табыс ету;
- түлектер акциясы — 2019 жылғы мамыр-тамыз.
Түлектер іс-шарасы тек қана мектеп шеңберінде, тек қана мектеп аумағында өтуі тиіс.
Түлектер іс-шарасының ұйымдастырушылары: ата-аналардың, қорғаншылық кеңестерінің ұйымдастыру комитеті, түлектер активі, шығармашыл жетекшілер тобы.
Түлектер іс-шарасының құрметті қонақтары: педагогика еңбегінің ардагерлері, облыстың, қаланың, ауданның, ауылдың құрметті тұрғындары, түлектердің ата-аналары, қорғаншылық кеңестердің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, оның ішінде жастардың, қамқоршы кәсіпорындардың өкілдері, демеушілер мен меценаттар, жоғарғы оқу орындарының өкілдері
Түлектер іс-шарасы бағдарламасының сценарийіне «Нұр Отан» партиясы жастар қанатының, «Жас ұлан», «Жас қыран» республикалық қозғалысы көшбасшысының, жастар қоғамдық қозғалысы көшбасшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің құттықтаулары енгізіледі.
Түлектер іс-шарасының серіктестіктігі: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім бөлімдері, қосымша білім беру ұйымдары, мәдениет мекемелері ҮЕҰ, БАҚ.
Түлектер іс-шарасын өткізу жөніндегі ұсынымдар:
- Басқалардың өмірін сақтау немесе су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қайырымдылық акциялары жөніндегі түлектер бастамасын қолдау «Түлектер кешінің орнына — балалар өмірін сақтау», «Туған елге - тағзым», «Туған елім — саған арналады», «Сыпайы түлектер кеші үшін!», «Жасыл табиғатты қорайық», т.б.;
- өңірлік акциялар «Мектепке кітаптар сыйла!», «Өз мектебіңе көмектес!», «Түлек — сүйікті мектепке!»; «Түлектер қауымдастығы — жас түлекке»;
- бұқаралық қозғалыс: «Start school: сүйікті мектепті жақсартуға қатынас» «Мектебімнің ертеңі» мектеп түлектерінің қозғалысы, «Мектепте дәріс оқы» «Мектепте үйірме аш»,
- «Ұлың және оның достары үшін тәрбие сағатын өткіз», «Қызым, саған айтам» табысты ата-аналар қозғалысы, «Мектеп болашағы үшін»;
- қауіпсіз шаралар кешені:
- түлектер іс-шараларын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы барлық түлектер мен қонақтарға нұсқаулық беру;
- санитарлық және эпидемияға қарсы режимді, сондай-ақ жеке гигиенаны сақтау ережелерін қатаң сақтау қамтамасыз ету;
- түлектер іс-шарасы өтетін барлық орындарда және аумақта кезекшілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік шараларын сақтау және төтенше жағдайлар туындағанда эвакуация жасау;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоғамдық тәртіпті сақтауға, ТЖ және денсаулық сақтау қызметкерлерін қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тарту.
Педагогикалық этиканы сақтау мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:
- әкімшілік пен педагог қызметкерлерге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;
- мектеп бітіру шараларына дайындық барысында әр отбасының жағдайына қарау қағидатын сақтау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіпте бүхгалтерлік есеп жүргізе отырып, кез келген қаржылық операция жүргізу.
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымент қалаларының, облыстардың білім басқармалары кештің өткені туралы ақпаратты Министрлікке келесі күні — 2019 жылғы 13 маусымда жолдасын.
Мақаланы құрған күні 03.05.2019 10:06
Мақаланы жаңартқан күні 01.11.2023 10:32