Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

"СҚО әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Аққайың ауданының білім бөлімі" КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2022 жылы өткізілген іс-шаралар туралы есеп (ZIP 50 Kb)

Сыбайлас жемқорлық туралы заңның сақталуы туралы (ZIP 1973 Kb)

15.04.2022 ж.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы (ZIP 4862 Kb)

«Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

«Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы туралы

Ағымдағы жылдың 18 мамырында жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең бiлiмнiң маңыздылығын түсiндiру мақсатында кезектi «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өттi.

Дәстүрлi түрде тоқсан сайын өткiзiлетiн осы жолғы «Адалдық сағатының» өзiндiк ерекшелiгi болды.

Бiрiншiден, биыл ұлтымыздың ұлы перзентi Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы.

Ол өзiнiң 176 өлеңi, 3 поэмасы мен 45 қарасөзiн бiзге өнегелi мұра ретiнде қалдырды.

Еңбектерiнде адал еңбектi, жалпы адалдық қасиетiн дәрiптеген. Дана халқымыз ұлы ойшыл жайлы «Абай болу, алдымен адам болу» дейдi.

Сондықтан, «Адалдық сағатының» тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» ретiнде анықталды.

Басты мақсат — ұлы ақынның еңбектерi арқылы өскелең ұрпақтың бойына әдiлдiк, парасаттылық және сенiм құндылықтарын сiңiру.

Екiншiден, қазiргi карантин жағдайында бұл акция алғаш рет онлайн форматта өттi.

Оның аясында елiмiздiң барлық бiлiм ошақтарының 760 мыңнан астам жасөспiрiмi қамтылды.

Акция онлайн форматта болғандықтан, Бiлiм және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму министрлiктерiмен алдын ала келiсiп, «Адалдық сағаты» республикалық телеарналарда көрсетiлуде.

Одан бөлек, бейне-дәрiстер Агенттiктiң Youtube парақшасына жүктелiп, аумақтық департаменттер мен «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерiнiң әлеуметтiк желiлерiнде көрсетiлуде.

Бейне-дәрiс пен арнайы сюжеттер облыстық/аудандық телеарналарда да ұйымдастырылды.

Онлайн форматта өткен осы iс-шара қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Оның тәрбиелiк маңыздылығы туралы өңiрлердегi ақпарттық-ағартушылық топ мүшелерi, «Adaldyq alańy» жобалық кеңсе жетекшiлерi, қоғам белсендiлерi сұхбат берiп, БАҚ арқылы пiкiрлерiн жариялады.

Ал жастар болса, онлайн дәрiс өткеннен кейiн өз пiкiрлерiмен желiде бөлiсiп, флешмоб ретiнде Абайдың адалдық, әдiлдiк, парасаттылық туралы шығармаларын оқып, ойларын ортаға салды.

Онлайн форматта өткен «Адалдық сағаты» бiрқатар басымдықтарды көрсеттi:

Бiрiншiден, арнайы әзiрленген бiр ғана бейнеролик арқылы барлық бiлiм беру ошақтары қамтылды. Нәтижесiнде, адами ресурстар мен уақыт барынша үнемделдi.

Екiншiден, әлеуметтiк желiде жастармен тиiмдi керi байланыс орнатылды. Бейне-дәрiстiң бiр жерде онлайн таралуы, жастар арасында парасаттылық жүйесiн қалыптастырудың жаңа тетiгiне айналды.

Үшiншiден, терең бiлiммен қатар, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының маңызын өз ғұламаларымыздың еңбектерi арқылы жеткiзу жастар, жалпы қоғам тарапынан қолдауға ие болды.

Ұлы ойшылдардың еңбектерiн кең көлемде дәрiптеу — саналы ұрпақты тәрбиелеудiң жарқын үлгiсi.

Биыл елiмiзде бүкiл әлем мойындаған, данышпан бабамыз Әл-Фарабидiң 1150 жылдық мерейтойы аталып өтедi. Ол өз шығармаларында, оның iшiнде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегiнде тәрбие, мейiрiмдiлiк, парасаттылық және әдiлдiк жайлы ой қозғаған.

Сондықтан, келесi «Адалдық сағаты» ұлы Әл-Фарабиге арналады.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным (ZIP 24985 Kb)

Мектепте жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашыл және әлеуметтік Құзыретті азамат пен патриот қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ауданның білім беру ұйымдарында адалдық дүкендерінің жұмысы ұйымдастырылды. Сатушысыз сауда сөрелері ұйымдастырылған, онда тұтынушы ұсынылған Тауарлар үшін ақшалай қаражатты жалпы қоржынға төлейтін болады. Адалдық дүкендерінің жұмысы мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға, соның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ұмтылысын қалыптастыруға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған.

Мектеп Фото
1. КММ «Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі»  
2. КММ «Астрахан орта мектебі»  
3. КММ «Власовка орта мектебі»  
4. КММ «Ивановка орта мектебі»  
5. КММ «Андрей Хименко атындағы Қиялы орта мектебі»  
6. КММ «Ленин орта мектебі»  
7. КММ «Полтавка орта мектебі»  
8. КММ «Рублевка орта мектебі»  
9. КММ «№1 Смирнов орта мектебі»  
10. КММ «№2 Смирнов орта мектебі»  
11. КММ «Қазақ тілінде оқытылатын мектеп жанындағы интернаты бар Смирнов №3 орта мектебі»  
12. КММ «У.А.Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі»  
13. КММ «Тоқшын мектеп-гимназия»  
14. КММ «Шағалалы орта мектебі»  
15. КММ «Черкасс орта мектебі»  
16. КММ «Дайындық негізгі мектебі»  
17. КММ «Добровольск негізгі мектебі»  
18. КММ «Камышлов негізгі мектебі»  
19. КММ «Түмен негізгі мектебі»  
20. КММ «Безлесное бастауыш мектебі»  
21. КММ «Степная бастауыш мектебі»  
22. КММ «Куйбышев бастауыш мектебі»  
23. МКҚК «Өнер мектебі»  
24. КММ «Балалар-жасөспірімдер аула клубы»  
25. КММ «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті»  
26. МКҚК «Чебурашка бөбек- бақшасы»  
27. МКҚК «Балапан бөбек- бақшасы»  
28. КММ «Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі»  

Науменко Светлана Петровна

Мен Науменко Светлана Петровна — Солтүстiк Қазақстаноблысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң бас маманы, «Мен адалмын» ұсынысын қолдаймын, мен өз жұмысымда адал және сатылмаймын, мен осы қағидаларға сүйенiп жүруге мiндеттiмiн. Мен барлықтарыңызды менiң үлгiмдi ұстануға шақырамын!

#менадалмын_сқо #я честный_ско

Магзумова Асем Ержанқызы

Мен Магзумова Асем Ержанқызы Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң бас маманының мiндетiн атқарушы «Мен адалмын» ұсынысын қолдаймын, мен өз жұмысымда адал және сатылмаймын, мен осы қағидаларға сүйенiп жүруге мiндеттiмiн. Мен барлықтарыңызды менiң үлгiмдi ұстануға шақырамын!

#менадалмын_сқо #я честный_ско

Тасқұлова Зайтуна Негмытовна

Мен Тасқұлова Зайтуна Негмытовна — Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмiнiң бас маманының мiндетiн атқарушы «Мен адалмын» ұсынысын қолдаймын, мен өз жұмысымда адал және сатылмаймын, мен осы қағидаларға сүйенiп жүруге мiндеттiмiн. Мен барлықтарыңызды менiң үлгiмдi ұстануға шақырамын!

#менадалмын_сқо #я честный_ско

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халықына Жолдауының тоғызыншы бағытына арналған біріңғай сағатын өткізу бойынша ақпараты

Қамтылған ұйымдар саны Қамтылған мақсатты топтар Қамтылған адам саны Талқыланған мәселелер, шешімдер және ұсыныстар Дәлелдеуші ақпарат (фото, БАҚта жарияланған мақалалар)
1 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ және 23 білім беру ұйымдары бас мамандар, әдіскерлер, мұғалімдер, педагогикалық қызметкерлер 502 адам 2015-2025 ж.ж. ҚР жемқорлықпен күрес стратегиясы Жемқорлықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы 2050 жылына дейінгі ҚР стратегиясы Шешімдер: Жемқорлықпен күрес-біздің жалпы міндетіміз; Жемқорлық еліміздің нарық экономикасына теріс ықпалын тигізеді; Тек адал қоғаммен жемқорлықты жеңе аламыз.«Жемқорлықпен күрес және заның үстемдігі – Жолдаудың басым багыты». Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін калыптастыру және азаматдардың құқықтық сауатттылғын арттыру мақсатында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағытына мәні болып осы бағытта жұмыс ұйымдастырамыз

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-шараны өткiзу бойынша талдамалы анықтама

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметкерлердiң тәртiптерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекiту туралы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметкерлердiң тәртiптерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Разақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 жарлығы

көлеңкелi экономикаға қарсы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға iс-шара Жоспарын бекiту туралы

Солтүстiк Қазақстан облысында көлеңкелi экономикаға қарсы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға iс-шара Жоспары

2015-2017 жылдарға «Солтүстiкң Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша iс-шара Жоспары

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

«Аққайың аудандық бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресi бойынша iс-шаралар жоспары

Мақаланы құрған күні 20.03.2018 15:56

Мақаланы жаңартқан күні 12.01.2023 15:19

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz