«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы (PDF 916 Kb)

Балаларға қуаныш сыйла!

Жыл сайын оқу жылы басталар алдында елiмiзде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы басталады. Бiзге қайырымдылыққа ерекше назар аударуға және аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетiм балаларға, олардың осындай өмiрлiк жағдайға тап болғанына кiнәлi емес мүгедек балаларға көмек көрсетуге жүрек шақыруы бойынша тағы бiр мүмкiндiк берiледi.

Баланы мектепке дайындау, қажеттiнiң бәрiн сатып алу — өте қымбат және шығынды. Әсiресе, бiрден бiрнеше бала тәрбиеленетiн отбасыларға, сондай-ақ қиын өмiрлiк жағдайға тап болған отбасыларға қиын. Балаларды мектепке дайындау шешiлмейтiн мәселе болуы мүмкiн және жаңа оқу жылының басталуы қуанышын бұзуы мүмкiн.

Сондықтан бұндай бiздiң балалармен болмауы үшiн, бiз Аққайың ауданының барлық тұрғындарын, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларын, түрлi ұйымдардың басшыларын қайырымдылық акциясына қатысуға және осы игi iске баға жетпес үлес қосуға шақырамыз. Бiз барлық бей-жай қарамайтын адамдарды жаңа оқу жылының басталуына қуанышты кiшкене бөлiгiн беруге шақырамыз.

«Мектепке жол» акциясын өткізу туралы

Облысының білім беру ұйымдарында «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Аққайың аудынының білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «жедел желілер», «сенім» телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасатынын айта кеткен жөн.

Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.

Мақаланы құрған күні 02.08.2022 17:35

Мақаланы жаңартқан күні 04.08.2023 17:07

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz