Басты

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында 2021 жылдың 12-30 мамыры аралығында «Контрафакт» республикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр (онлайн форматында).

Жоғарыда аталған акция шеңберінде келесіні өткізу көзделген:

  1. 10-15 жас аралығындағы (10 жастан бастап 12 жасқа дейін, 13 жастан бастап 15 жасқа дейін) балалар үшін «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-25 мамыры аралығында үздік сурет республикалық конкурсын;
  2. «Қазақстанда контрафактіге жол жоқ» тақырыбына а.ж. 12-30 мамыры аралығында үздік ұран республикалық конкурсын (14 жас және одан үлкен жастар санаты арасында).

Осы конкурстардың жүлделі орнына сый ретінде планшет жарияланды!!!

Біздің облысымыздың азаматтарын, жастарын ықылассыз қарамай, конкурсқа белсенді қатысуларын сұраймыз! Өтінімдерді қабылдаудың мерзімі а.ж. 25 мамырына дейін.

Конкурстарға қатысуға өтінімдерді рәсімдеу мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөліміне 33-39-63 телефоны бойынша жүгінуіңізге болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
341 қаулысымен бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің ЕРЕЖЕСІ Смирново ауылы

1. Жалпы ережелер 

1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі (ілгеріде – Бөлім) Аққайың ауданының аумағында білім саласына басшылық ететін және жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлім өзінің иелігіндегі білім беру ұйымдарына басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік- қүқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылтайшысы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекетік мекемесі (ілгеріде – құрылтайшы) болып табылады, БСН 950540000460.

Құрылтайшының мекенжайы: 150011, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58.

 4. Бөлімді басқаруды жүзеге асыратын сәйкес саладағы уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ілгеріде – Басқарма) болып табылады, БСН 920540000287.

Бөлім Басқармаға есеп береді және оның бақылауында болады.

5. Бөлім коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы қазынашылық органдарында шоттары бар.

6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7. Бөлім, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада бекітілген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Бөлімнің орналасқан жері: Индексі 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Труд көшесі, 16.

11. Мемлекеттік органның толық атауы - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Аққайың ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттiк мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Отдел образования Аккайынского района» коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области».

  1. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Бөлімнің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  3. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
  5. Бөлім, Басқарма және Құрылтайшы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік органның

миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

17. Бөлімнің миссиясы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен адами капиталды дамыту болып табылады.

Бөлім қызметінің мәні Аққайың ауданының аумағында мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейін және де қосымша (мектептен тыс) білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

18. Бөлімнің міндеттері:

  1. Ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамыту мен кәсіби құрылуына бағытталған сапалы білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау;
  2. Тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің мықты негіздері мен саламатты өмір салтын қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен зияткерлігін байыту;
  3. Азаматтылық пен патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге сыйластықты тәрбиелеу, халық дәстүрін құрметтеуге, конституцияға қарсы және әртүрлі қоғамға қарсы құбылыстарға төзімсіздікке тәрбиелеу;
  4. Белсенді азаматтық көзқарсы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасын тәрбиелеу;
  5. Отандық және әлем мәдениетінің жетістіктеріне баулу; қазақ және республикадағы басқа халықтардың тарихын, салт –дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын игеру; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
  6. Педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
  7. Білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім басқармасын демократияландыру;
  8. Қоғам мен экономиканың қажеттілігіне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
  9. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, соның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне шұғыл кәсіби бейімделетін кредиттік, қашықтық және ақпараттық-коммуникацияық;
  10. Жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және еңбек нарығының қажеттілігі бойынша оқыту, білім мен құзіреттілікке негізделген қоғамдағы өзінің жеке әлеуетін қолдануға көмек беретін өмір бойы білім жүйесін дамыту;
  11. Білімді, ғылым мен өндірісті шоғырландыру;
  12. Оқитындарды кәсіби ынталандыруды қамтамасыз ету;
  13. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестіктермен белсенді қарым-қатынас ету арқылы техникалық және кәсіби білімді озат дамытуды қамтамасыз ету;
  14. Білімге деген сұраныстары ерекше тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайларды құру;
  15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

19. Бөлімнің қызметтері:

1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді, оқытудың кешкі (кезекті) нысанын және интернаттық ұйым типтерімен ұсынылатын жалпы орта білімді ұсынуды қамтамасыз ету;

2) оқитындардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;

3) мектепке дейінгі және мектеп жасындагы оқушылардың есебін жүргізу, олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;

4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруды қамтамасыз ету;

5) Құрылтайшыға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мамандандырылыған жалпы білім және арнайы оқу бағдарламаларын және де мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мемлекеттік білім беру мекемелерінен басқа бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар енгізеді;

6) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын (қылмыстық-атқару жүйесіндегі түзету мекемелеріндегі білім беру ұйымдарынан басқалары) мемлекеттік білім беру ұйымдарын қолдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7) жыл сайын тамыздың 1 дейін оқу жылына арналған білім беру органымен болжанған көлемде мектепке дейінгі даярлық, орта білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтарды және оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;

8) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналар төлемінің көлеміне мемлекеттік білім тапсырысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

9) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базаларын қамтамасыз ету;

10) балаларға арналған қосымша білімді қамтамасыз ету;

11) жалпы білім беру пәндері бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар бойынша байқауды, аудандық (қалалық) масштабтағы байқауларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға құқылы отбасындағы, және де жартылай жанға шаққандағы кірісі өмірі сұру деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алмайтын отбасыларына, отбасында тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасындағы балаларға , білім беру ұйымын алқалық басқару органымен анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттарына жалпы білім беру мектептерін ағымдағы ұстаға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат жолдау;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарынан басқа, орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен оқитындарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін және жеңілдік тамақтануды ұйымдастыру;

15) білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

16) қоғамдық көлікте оқушылардың жеңілдікпен жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізу;

17) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарына және отбастарына қажетті әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету;

18) білім мониторингісін жүзеге асыру;

19) негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын білім жөнінде мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беру және қамтамасыз ету, оларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру;

20) жыл сайын белгіленген мерзімде білім саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық білім жүйесінде статистикалық бақылау мәліметтерінің жиналуын қамтамасыз ету;

21) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

22) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті әдістемелік жетекшілікпен қамтамасыз ету;

23) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат түрінде оқуға рұқсат беру;

24) білім беру ұйымдарында білімге деген сұраныстары ерекше тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайларды құру болып табылады.

20. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) өзінің құзыреттілігі шегінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімі, Басқарманың, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары мен басқа нормативтік құжаттарының, негізінде және оларды орындау үшін құқықтық актілер шығарады және олардың орындалуын бақылайды;

2) Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңмен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдардан, ведомствоға бағынысты аудандық мекемелерден, меншік түріне тәуелсіз ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелерден әртүрлі ақпаратты, құжаттарды, қорытындылар мен басқа материалдарды сұратады және алады;

3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанынша дейін оқуларын ұйымдастырады;

4)ведомствоға бағынысты ұйымдар мен білім беру мекемлерінде құқықтық жұмысты басқарады, өндірістік және еңбек тәртібін нығайтуға қатысады;

5) бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша ауданның білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізеді;

6)мемлекеттің атынан, егер заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады;

7) бөлімнің құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша конференциялар, семинарлар, көрмелер, кеңестер өткізеді, білім бағдарламаларын құрастыруға қатысады, соның ішінде халықаралық, жақын және алыс шетел елдерінің білім органдары және мекемелерімен байланысты орнатады;

8)мектепке дейінгі, жалпы орта білім мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есептер ұсынады;

9) өзінің құзыреттілігі шегінде меншік түріне және ведомстволық бағынысына тәуелсіз жергілікті бағынастағы ұйымдарда мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға оқу-тәрбиелеу үдерісі мазмұнының сәйкестілігіне кезеңді бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

10) өзінің құзыреттілігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қамтамасыз етеді 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру                                               

21. Коммуналдық мемлекеттiк мекемеге басшылықты Басқарма жүзеге асырады.

Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

Бөлімнің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;

  1. Бөлім мүлігінің сақталығына бақылауды жүзеге асырады;
  2. Бөлім басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін анықтайды;
  3. Өлімнің құрылымын және штаттық санын бекітеді;
  4. Жылдық қаржылық есепті бекітеді.

22. Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1.  Бөлімге мүлікті бекітеді,
  2.  Бөлімнің ережесін, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.

23. Бөлімді басқару бірінші басшымен жүзеге асырылады, ол Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

24. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігімен келісу бойынша басқарманың басшысымен лауазымға тағайындалады және босатылады.

25. Бөлімнің бірінші басшысында орынбасары болады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

26. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

  1.  Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және онымен өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. Бөлімнің мамандарын, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
  3. Ведомствоға бағынысты білім беру ұйымының бас бухгалтерін тағайындауға және босатуға келісім береді;
  4. Өз құзыреттілігінің шегінде Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда ұсынады;
  5.  Өз құзыреттілігінің шегінде Бөлімнің мамандарына орындау үшін бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар береді;
  6.  Бөлімнің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жазаға тартады.

Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі оның болмаған кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

27. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттігін анықтайды.        

4.Мемлекеттік органның мүлігі

28. Бөлім заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оган меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алганда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

29. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оган өзгедей тәсілмен билік етууге құқылы емес. 

5.Бөлімнің жұмыс тәртібі 

31. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен бекітіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс. 

6. Бөлімді қайта құру және тарату 

32. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімді қайта құру, біріктіру, қосу, бөлу, шығару және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да нысан түрінде жүргізіледі.

Бөлім Құрылтаймен ерікті және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және негізде мәжбүрлеп (сот шешімі бойынша) таратылуы мүмкін.

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылған Бөлімнің мүлігі құрылтайшымен қайта бөлінеді.

Таратылған Бөлімнің ақшасы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Бөлімнің мүлігін жүзеге асыру нәтижесінде алынған құралдар сәйкес бюджеттің кірісіне есептеледі.

33. Бөлімнің құрылтайшы құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аққайың ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 290 қаулысымен
Бекітілген

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ережесі

2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» (әрі қарай — Бөлім) коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлімнің құрылтайшысы мен уәкілетті тұлғасы, меншігінің иесі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі болып табылады.

3. Бөлімнің келесі ведомствалары бар:

  1. «Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Астрахан орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  3. «Власовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  4. «Ивановка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  5. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Андрей Хименко атындағы Қиялы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  6. «Ленин орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  7. «Полтавка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8. «Рублевка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  9. «Смирнов №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  10. «Смирнов № 2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  11. «Қазақ тілінде оқытатын мектеп жанындағы интернаты бар Смирнов № 3 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  12. «Тоқшын мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  13. «Черкасский орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  14. «Шағалалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  15. «У.М. Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  16. «Дайындық негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  17. Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданының «Добравольский негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  18. «Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданының «Камышлов негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  19. «Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданының «Түмен негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  20. Аққайың аудандық білім бөлімінің «Безлесное бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  21. Солтүстік-Қазақстан облысы Аққайың ауданының «Көктерек бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  22. «Куйбышев бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  23. Аққайың аудандық білім бөлімінің «Кучков бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  24. «Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Степное бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Балапан» ясли-бақшасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  26. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Чебурашка ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдер аула клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  28. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
  29. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің «Оқжетпес» демалыс лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

4. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік–құқықтық актілерге, сондай–ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатнастарға өз атынан түседі.

7. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатнастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Бөлім өз құзретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйырығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

9. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы Смирнов ауылы, Труд көшесі 16.

11. Бөлімнің толық атауы: мемлекеттік тілде «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде коммунальное государственное учреждение «Отдел образования акимата Аккайынского района Северо-Казахстанской облости».

12. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

13. Бөлімінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.

14. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілермен Бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатнастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөліміге заңнамалық актілерімен кірістер акелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің пәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Аққайың аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асырады, мемлекеттік жалпы білім беру стандарты және білім беру ортасында заңның сақталуына құзырет маңында бақылау ұйымы.

16. Мақсаттар:

  1. аудан мектептерінің балаларды орта білім алу үшін есепке алатын қызметін басқару;
  2. балаларды, оқитын жастарды және білім жұмысшыларын әлеуметтік қорды қамтамасыз ету;
  3. жергілікті басқару органдары және білім мекемелерінің тікелей қатысуымен ауыл аймағындағы балаларды апарып салу, оқушыларды атаулы жеңілдетілген тамақтандырумен қамтамасыз ету;
  4. жергілікті қорғаншылық және қамқорлыққа алу жөніндегі органдармен ата-аналық қамқорсыз қалған балаларды қамқолыққа алуды және қажет жағдайда оларды балалар үйлеріне және мектеп-интернатқа орналасуды ұйымдастыру;
  5. негізгі мектеп түлектерінің жұмыспен қамтылуын және кейінгі білім алу сұрақтарын шешу бойынша мектептердің жұмысын ұйымдастыру;
  6. білім саласында кадырлық саясатты өткізу, нарықтық қатынастар, өзгермелі білім мазмұны жағдайында басқару және инжинер-педагогикалық кадырлардың біліктілігін арттыру;
  7. басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, оның құқықтық, техникалық және ақпараттық қамсыздандыру;
  8. аудан білім ұйымдарының мүліктік-техникалық базасын нығайту және қаржылық қамсыздануын жақсарту;
  9. аудандық білім мекемелерінің қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен басқа да мекемелерімен қарым-қатынас аясын ұйымдастыру;

17.Функциялар:

тұрғындарға білім талаптарын болжауын ұйымдастырады, ауданды білім жүйесінің даму стратегиясын әзірлейді, өңірлік білім беру бағдарламасын жасайды;

ғылым мекемелері, ұйымдары және құзырлы тұлғалар қатысуымен білім мазмұнының аумақтық компинентін әзірлеп және оның жүзеге асырылуына жағдай жасайды;

білім жүйесінің жағдайын және тұлғалардың білімге деген талаптарын қанағаттандыру деңгейін талдайды. Білім мекемелерімен бірлесе отырып мемлекеттік білім саласына жататын Қазақстан Республикасының заңдарын, білім стандарттарын орындалуды жүзеге асырады, барлық түрдегі білім, мекемелеріндегі оқушылардың қортынды және аралық аттестатциясын өткізу тәртібін бақылайды;

білім жүйесінде оқушылар мен тәрбиеленушілер континетінің беталыс өзгеру болжауын қамтамасыз етеді және оқу тілі, нысаны мен профил түрлерін талдауындағы оқушылар мүддесін және тұрғындардың өтініштерін жоғары қанағаттандыру үшін аудан аясындағы жаңа түрлі оқу мекемелерін дамытуда шаралар кешенін анықтайды;

аудан әкімдігіне, облыстық білім басқармасына аумақта білім жүйесін қолдау және даму жұмысы, аудан деңгейінде жаңа білім мекемелерін құру туралы ұсыныс дайындайды;

ауданда білім алуға, тәрбиеленуге, балалардың өмірі және денсаулығын сақтауға қатысты өткізіліп жатқан тәжрибелердің ғылыми-әдістемелік және медецина-педагогикалық қамсыздандыруын жүзеге асырады

жастардың және жұмыстан босатылған тұрғындардың қажеттілігін есепке алып, оларға кәсіптік білім беру аумақтық бағдарламасын халықты жұмыспен қамту бөлімімен, барлық мүдделі мекемелер және кәсіпорындармен бірлесе отырып дайындайды және жүзеге асырады;

білім басқармасының, аудан әкімінің қорғауына енгізу үшін балаларды ұстауға әлеуметтік-кепілдендірілген нормативтердің өзгергені туралы, педагогикалық қызметкерлер мен тәрбиеленушілер, оқушыларды қалыпты материалдармен қамтамасыз ету мен түрлері, қосымша жеңілдіктерді анықтау бойынша ұсынысты өңдейді;

аудан білім мекемелерінің педагогикалық және басқару кадрлармен қамсыздандырылуын зерттеп, олардың мамандарды әзірлеуге қажеттілігін болжайды;

білім мекемелерінің мүліктік-техникалық базасын нығайту, көпшілік, олардың жүйесін қайта құру бойынша ұсыныстарды әзірлеп аудан әкімдігінің қарауына енгізеді, аудан білім объектілерінің бақылауға қатысады;

білім мекемелерінің оқулықтарымен, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілуін талдайды, білім басқармасына жоспар-тапсырысты дайындайды, оқулық, бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді ауданға жеткізу жоспарының орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

білім беру бюджетінің жобасы бойынша ұсыныс жергілікті мемлекеттік басқармаға енгізеді, білім беру мекемелерінің ақпаратына дейін

жеткізеді және жергілікті ерекшелігінің есебімен барлық үлгілері білім беру мекемелерінде оқушылармен балаларды ұстауға әлеуметтік кепілдендірілген нормативтер, облыстық негізіне «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудандық атқарушы органдарымен бірлесе өңдейді:

өңірлік білім жүйесінің қаржылық қамтылуына сараптама жасайды. Білім басқармасына, аудан әкімдігіне білім саласындағы нысаналы басқармаларды қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;

аудандық білім беру мекемелерінің басқару қызметкерінің біліктіліктерін жоғарлату мәселесімен айналысады;

белгіленген тәртіпте білім жүйесінің ең үздік қызметкерлерін марапаттауды жүзеге асырады, құрмет атағын беруге үміткерлерді ұсынады;

білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, отырыстар өткізеді;

Қазақстан Республикасының нормативті актілері мен заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

білім беру жүйесінде аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг және өңдеу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды көрсетеді.

18. Құқық және міндет:

  • белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басқа да өкілеттерін жүзеге асыруға.

19. Бөлім міндеттері:

тәрбие мен ғылымның жетістігі жалпы адамдық құндылық және ұлттық негізге жеке кәсібиліктің қалыптасуына, дамуына және қалыптасуына бағытталған ұлттық рухани құндылықты біріктіру жолымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оқыту;

мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін қажетті жағдай жасау, оларды мектепке дайындау;

облыста мектептен тыс білім беруде оқу-тәрбиелеу жұмысы;

тұлғаны жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдау жасау;

оқушылардың жеке жалпы мәдениетін қалыптастыру, олардықоғамға жәнеөмірге бейімделу;

секцияға және үйірмеге жүйелі қызметке жасөспірімдерді және балаларды тарту;

жасөспірімдер мен балалар арасында жаттықтыру әрекеті мен дене шынықтыру-сауықтыруға оларды шынықтыруын дамытуға жан-жақты күшейтуге бағытталған.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

20. Бөлімі басшылықты бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

21. Қазақстан Республикасының қарастырылған әрекеттегі заңнама ретімен бөлім басшысын аудан әкімі лауазымына тағайындайды және босатады.

22. Бөлім басшысының орынбасары бар, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және босатылады.

23. Бөлім басшысының өкілеттігі:

бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін дербес жауапершілікте болады және бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

өз құзреті шегінде бұйырықтар шығарады, олардың орындалуна бақылау ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қабылдайды және босатады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы Заңнамасына, оларға заңмен белгіденген тәртіп бойынша ынталандыру және тәртіптік жазалау шараларды қолданады;

Бөлімнің атынан сенім хатсыз қызмет жасайды, бөлімі атынан Бөлім мүддесінде белгілі іс әрекет жасау үшін қызметкерлеріне құзырет үлесін береді;

қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қолданады, шара қоданбағаны үшін дербес жауапкершілікке тартылады;

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

әйелдер мен ерлердің тең мүмкүндіктері және тең құқықтары мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қастамасыз етеді;

қаржыландыру жоспарының экономика шегінде мемлекеттік қызметкерлерді материалдық көтермелеу (силықақы), қосымша ақы орнатады, құрылым, Бөлім туралы Ережені аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

Бөлімнің құзреті шегінде қызметтік құжатына қол қояды;

қарастырылған бюджеттен қаржы құралдарын басқарады,Бөлімнің шығыс сметасын бекітеді;

мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарының жиынтығын бекітеді;

Бөлім қызметкерлерін іссапарға жібереді, жеке құрамы бойынша бұйырықтар береді;

мемлекеттік қызметкерлер кадырларының біліктіліктерін жоғарлату және дайындау, қайта дайындау, оқуды қамтамасыз етеді.

Бөлім басшысы білім беру мекемелерінің меңгерушілері мен директорларын лауазымға тағайындайды және лауазмдарынан босатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлім басшысы болмаған жағдайда өкілеттіктерін оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Әрекеттегі заңнамаға сәйкес басшы өз орынбасарын және қызметкерлеріне өкілеттігін анықтайды.

4. Бөлімнің мүлкі

24. Бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай – ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақгалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөлімімн бекітілген мүлк коммуналдық меншікке жатады.

26. ЕгерҚазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе бөлімі өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мұлікті өз бетімен иеліктке шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта құру және тарату

27. Бөліинің қызметін тоқтатылуы Қазақстан Респаубликасының Заңына сәйкес қайта құру және тарату нысанында болуы.

28. Бөлімнің мүлкін бөлімінің таратылуынан кейін Қазақстан Республикасының Заңына сәйкс жүргізіледі.

29. Бөлімі Ережесіне өзгертулер және толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Бөлімнің жұмысының тәртібі және қарым-қатнасы

35. Бөлімімен және өкілетті орган арасындағы қарым-қатнас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталып және реттеледі.

36. Бөлімәкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатнас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

37. Бөлімнің жұмыс уақыты сағат 9:00-18:30, аптасына бес күн, демалыс күндері кесте бойынша, түскі үзіліс сағат 13:00-14:30.

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынам

Мақаланы құрған күні 20.03.2018 14:30

Мақаланы жаңартқан күні 02.02.2023 17:40

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz