26.04.2023

Приказ об утверждении сроков завершения 2022-2023 учебного года и проведения итоговой аттестации для учащихся (PDF 1334 Kb)

БЕКІТЕМІН

Солтүстік  Қазақстан  облысы

әкімнің  орынбасары

____________Ғ. Нығыметов

 

2021 жылғы 21 қаңтардан 31 қаңтарға дейін «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясын ұйымдастыру  және  өткізу туралы  облыстық іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Іс-шаралардың  мазмұнысы

Аяқтау нысаны

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

 

I. Ұйымдастырушылық бағыты

1.

 «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық, аудандардың, Петропавл қаласы іс-шаралар жоспарын дайындап бекіту.

жоспарлар

2021 ж.

21 қаңтар

Облысы әкімдік , аудандық  және

Петропавл  қаласының әкімдіктері

2.

Акцияның өткізілуі туралы есеп нысандары көрсетілген бұйрықты дайындап білім бөлімдеріне жеткізу.

бұйрық

2021 ж.

қаңтар

Білім  басқармасы

3.

Балаларды мектепке тасымалдайтын көлік құралдарына GPS-навигаторды орналастыру мүмкіндігін қарастыру

тасымалдайтын көлік құралдарына GPS-навигаторды орналастыру

2021 ж.

21 -31қаңтар

 

Аудандық және

Петропавл  қаласының әкімдіктері, полиция департаменті (келесім бойынша)

4.

Балаларды мектепке тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік құралдарының (автобус) жағдайын, жүргізушілердің сапалы құрамын зерделеу бойынша жұмыс топтарын құру және олардың жұмысын қамтамасыз ету

жұмыс топтардың құрымы

2021 ж.

қаңтар

Аудандық  және

Петропавл  қаласының әкімдіктері (кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялар),

полиция департаменті (келесім бойынша)

5.

Жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша түсіндіруді жүргізу на уроках ПДД Білім беру ұйымдарында қауіпсіз сабақтарды

Ақпарат

2021 ж.

қаңтар

Аудандық  және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

6.

Білім беру ұйымдарында  5-11 сыныптардың қатысумен «флеш-мобтарды өткізу

Ақпарат

2021 ж.

қаңтар

Аудандық  және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

7.

Жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша білім беру ұйымдарында сынып сағаттарды өткізу (0-11 сыныптар)

Ақпарат

2021 ж.

қаңтар

Аудандық  және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

8.

Жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша білім беру ұйымдарында 1-4 сыныптардың қатысумен сурет байқауларды өткізу

Ақпарат

2021 ж.

қаңтар

Аудандық  және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

 

II. Ақпараттық бағыты (PR – акция науқаны)

1.

Республикалық және жергілікті БАҚ теле- және радио сюжеттерді, жүгіртпе жолдарда тарнсляция (басылымдар), баспа мақалалар, сұхбаттарды жариялауда қамтамасыз ету.

Теле және радио сюжеттерді, жүргіртпе жолдарда,

сұхбаттарды тарнляциялау, (басып шығару)

акция барысында

Ішкі саясат басқармасы,

полиция департаменті (келесім бойынша)

2.

«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы туралы әлеуметтік бейнеролигін әзірлеп көрсету.

Бейнеролик

акция барысында

Ішкі саясат басқармасы,

полиция департаменті (келесім бойынша)

3.

Телеарналарда, әлеуметтік желілерде, соның ішінде Facebook әлеуметтік желілерінде акция барысы туралы жаңалықтар сюжеттерін, постарды, ақпаратты, фотоматериалдарды «Қауіпсіз мектеп автобусы» бетінде орналастыру https://www.facebook.com/events/2733741309969544/?active_tab=discussion

сюжеттер, постар, ақпараттар, фотоматериалдар

акция барысында

Аудандық  және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

4.

Білім беру органдары мен ұйымдарының интернет-ресурстарында «Қауіпсіз мектеп автобусы» айдарын құру

айдар

акция барысында

Аудандық және

Петропавл қаласының білім бөлімдері,

 білім беру ұйымдары

Басшы Г. Кәрімова

Қауіпсіз мектеп автобусы " акциясын өткізу туралы бұйрық» (ZIP 802 Kb)

«Менің әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!»
тақырыбындағы шығармалар байқауының ережесі

I. Жалпы ережелер

1. «Менің әкем (анамның) таңдауы — Қазақстан халқына қызмет ету!» тақырыбындағы шығармалар байқауы (бұдан әрі — Байқау) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі күнін мерекелеу шеңберінде өткізіледі.

2. Байқауды өткізу, жұмыстарды бағалау тәртібі, жеңімпаздарды іріктеп, Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарттары осы Ережемен белгіленген.

3. Байқау ұйымдастырушысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады (бұдан әрі — Департамент).

II. Байқау мақсаты

4. Байқау мақсаты:

  • мемлекеттік қызметті насихаттау;
  • өскелең ұрпақта мемлекеттік қызметке деген белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;
  • оқушылардың шығармашылық әулеттерін арттыру болып табылады.

III. Байқауға қатысу шарттары

5. Байқау жасы 12-15 аралығындағы мемлекеттік қызметшілер балаларының арасында өткізіледі.

6. Конкурстық жұмыста ТАӘ, туылған күні, білім беру ұйымының атауы (мектептер), байланыс телефонын (үй тел., мобильді байланыс, e-mail мекен-жайы) көрсету қажет.

7. Шығарманы үміткер өз еркімен қазақ немесе орыс тілдерінде жазады, осыған дейін шығарманың интернет желісінде және басқа да ақпарат көздерінде жарияланбауы керек;

8. Конкурстық комиссия І, ІІ, ІІІ орындарды иеленген жеңімпаздарды анықтайды. Байқау өткізу мерзімі мен кезеңдері:

  • 1 кезең: 2020 жылғы 5 маусымнан 15 маусымға дейін — жұмыстарды қабылдау;
  • 2 кезең: 2020 жылғы маусымның 16-18 аралығында — комиссиямен конкурстық жұмыстарды қарау, жеңімпаздарды анықтау;
  • 3 кезең: 19 маусым — жеңімпаздарды марапаттау.

9. Шығармаларды бағалау кезінде келесі талаптар назарға алынады (5 критерий):

  • белгіленген тақырыпқа сай болуы;
  • тақырыпты тереңнен ашу;
  • стиль, мазмұндау тілі;
  • материалдарды стандартты емес ұсыну, өзектілігі;
  • өз пікірлерінің болуы, аталған тақырыпқа өз көзқарасын көрсету.

10. Әрбір критерий бойынша 5-балдық жүйе бойынша баға беріледі. Ең көп балдар жинаған үміткер жеңімпаз болып анықталады. Егер бірнеше үміткер балдардың тең санын жинайтын болса, Байқау жеңімпазын анықтау жөніндегі соңғы шешімді конкурстық комиссия төрағасы қабылдайды.

11. Конкурстық жұмыстар Департаментке ugu_sko@bk.ru электронды мекен-жайына немесе МОИП-тың g.zhusalina@kyzmet.gov.kz мекен-жайына «Шығармалар байқауы» сөзімен жіберіледі. Байланыс телефондары: 36-01-42, 87071571421

IV. Жеңімпаздарды марапаттау

12. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

13. Байқау қорытындысы мен жеңімпаздары туралы ақпарат БАҚ-та, Департаменттің ресми сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылады. Үздік конкурстық жұмыстар Департаменттің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Бiлiм беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестiң жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiнiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы »Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2017 жылғы 27 шiлдедегi №355 (ZIP 22 Kb)

Аққайың ауданының бiлiм мекемелерiнiң (ZIP 35 Kb)

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша

2014 жылдан бастап депутаттар бастамасы және мектеп директорларының ұсынысымен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер мен тауарларды таңдау, тамақтандыру сапасына әсер ететiн демпингтiк бағалар болуына, сонымен қатар директорлардың тiкелей бақылау мүмкiндiгi болмауынан, мемлекеттiк сатып алулар жүйесiнен алынды.

Бүгiнгi күнi орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдарда, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленетiн және бiлiм алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз ету Ережелерi әзiрлендi (БҒМ 31.10.2018ж №598 бұйрығы).

Оқушылардың сапалы және қауiпсiз тамақтандыруын ұйымдастыру мақсатында Ережелерде бiлiктi қызметкерлерi бар (жұмыс тәжiрибесi, аспаздар квалификациясы, технологтар мен диетологтар, азық-түлiк өндiрiсi, энергия үнемдегiш құрылғыларының болуы), қызметтi дұрыс ұйымдастыра алатын жалға алушыны таңдау критерийлерi қарастырылған.

2018 жылдан бастап азық-түлiктi дұрыс сақтау, дайын тағамдардың сапасын арттыру үшiн мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк механизмi енгiзiлдi.

Сонымен қатар, Ережелер бойынша конкурстық комиссия құрамына үкiметтiк емес ұйым және ата-аналар қоғамы, қорғаншылық комитетi, аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау органдарының өкiлдерi кiредi.

Ереже бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруда табиғи өнiмдердi қолдану үшiн жалға алушылардың азық-түлiк өндiрiсiнiң (шаруа немесе шаруа қожалығы, жылыжайжәне т.б.) болуы және отандық өндiрушiлер тауарларын сатып алуы үшiн қосымша балл алады.

Тағамдардың, азық-түлiктердiң және аспаздық өнiмдердiң тұтынушылық, органолептикалыққасиеттерi, дайындау және технологиясы мен өндiрiстiк жағдайлары балаларға арналған азық түлiк қауiпсiздiгi тұрғысынан Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiне сай болуы қажет.

Келiсiмшартты бұзу немесе дұрыс орындамау жағдайында, келiсiмшарт сот шешiмi бойынша бұзылып, жалға алушы жосықсыз деп жарияланады (БҒМ 31.10.2018ж №599 бұйрығы).

2015 жылы оқушыларды сапалы тамақтандырумен қамтамасыз ету мақсатында Министрлiк пен Қазақ тағамтану академиясы бiрiгiп, алғаш рет мектеп оқушылардың жас ерекшелiктерi ескерiлген бiр реттiк тамақтандыру нормалары (ҚР Үкiметiнiң 12.03.2012ж. №320 қаулысына өзгерiстер енгiзiлдi) әзiрлендi.

Аталған нормаларда балалар ағзасына қажеттi микронутриенттер: дәрумендер, минералдық заттар және микроэлементтер алуы қарастырылған.

2018 жылы 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сонымен қатар бiлiм беру ұйымдары оқушыларын дұрыс тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi мектеп оқушыларының тағам рационы бойынша бiрыңғай стандарттарын әзiрледi.

2019 жылдан бастап Министрлiк бiлiм беру ұйымдарының тамақтандыруды ұйымдастыруына нысанға бармай-ақ бақылау iс-шараларын жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, камералық бақылауды енгiздi.

Сонымен қатар, Министрлiк Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, конкурстық рәсiмдердi мемлекеттiк сатып алулар порталы арқылы жүргiзетiн электрондық форматқа ауыстыруды қарастыруда.

Бүгiнгi күнi қызмет көрсетудi мектеп қызметкерлерi, сондай-ақ ата-аналар қауымы тарапынан заңды түрде тұрақты бақылау мүмкiндiгi қарастырылған. Әрбiр мектепте тамақтандыруды бақылау комиссиясы қызмет етедi. Комиссияны мектеп директоры басқарып, құрамына мектеп медбикесi, педагогтар, ата-аналар комитетi мүшелерi, қамқоршылық кеңесi кiредi.

Ереже бойынша жалға алушы ай сайын бiлiм беру ұйымы басшысына сапасын куәландыратын құжаттары бар қолданылатын азық-түлiк тiзiмiн тапсыруы тиiс.

Күнделiктi медициналық қызметкер немесе жауапты тұлға дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргiзiп, тағамдар және аспаздық өнiмдерге органолептикалық бақылау журналына жазба жүргiзедi.

Осылайша, оқушылардың тамақтану сапасына мектеп әкiмшiлiгi тарапынан әсер етуге қажеттi мүмкiндiк жасалған. Аталған мәселеде бiлiм беру ұйымы басшысының (бракеражды комиссия төрағасы) жауапкершiлiгi жоғары.

Сондықтан, Министрлiктiң мектептегi тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын арттырудағы негiзгi қызметi — бракеражды комиссияның тамақтандыру сапасын бақылау қызметiне ақпараттандыру жұмысын кең көлемде ұйымдастыру. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналарға тамақтандыру дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда не iстеу керектiгiн түсiндiру.

Өз үлесiңдi қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күнi Солтүстiк Қазақстанда «Қызылжар — адалдық алаңы» жобалық кеңсесi өз есiгiн айқара ашты. Миссиясы — тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейiн қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттiк билiк институттарына сенiмiн арттыру болып табылады.

Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру.

Аталған салалар бiрқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: бiлiм беру; денсаулық сақтау; әлеуметтiк қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттiк кiрiс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бiрiншi басшылардың дербес жауапкершiлiгi.

Жобалық кеңсе — кешендi талдау негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттiк органдарды «Қайта жүктейдi».

Осыған байланысты, Солтүстiк Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттiк органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.

Ұсынымдарды, проблемалық мәселелердi және кеңестердi sqoalaldyk@gmail.com поштаға жiберулерiңiздi немесе 8(7152)460681, 46-58-89 нөмiрi бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Атырауда «Педагог мәртебесi туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтiп жатыр

Құрметтi әрiптестер!

Бүгiн Атырау қаласының Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Атырау облысы педагог қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Қоғамдық кеңесiнiң қатысуымен «Педагог мәртебесi туралы» Заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтiп жатыр. Тiкелей эфирге сағат 10.00-де қосылыңыздар.

http://bit.ly/2DdnVqr

БТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/290101-bt-2019-andaj-zgerister-bolma

Биыл ҰБТ-ны қандай өзгерiстер күтiп тұр? Бiлiм және ғылым вице-министрi Асхат Аймағамбетов 2019 жылы өткiзiлетiн Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң назар аударарлық бес пунктiн атады. Бұл туралы вице-министр Фейсбуктегi парақшасында жазды.

Толығырақ: https://egemen.kz/article/180172-bilim-zhane-ghylym-vitse-ministri-askhat-aymaghambetov-ubt-turaly-manhyzdy-bes-aqparatty-atady

 

«Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілді

 

Мақаланы құрған күні 20.03.2018 15:15

Мақаланы жаңартқан күні 15.11.2024 16:08

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz