2019 жылы 19 сәуiрде №3 Смирнов орта мектебiнде «Жаңартылған бiлiм беру аясында критериалды бағалау жүйесiн еңгiзу тиiмдi жолдары» тақырыбында мемлекеттiк тiлде оқытатын бастауыш сынып мұғалiмдерiне арналған аудандық семинар-практикум өткiзiлдi. Семинар барысында әдiстемелiк бiрлестiктердiң басшылары, жас мамандар ұйымдастырылған ашық сабақтарды қарап, шеберлiк сыныптарына қатысып, өздерiнiң педагогикалық тәжiрибесiн жинақтайтын мамандардың баяндамаларын тыңдады. Соңында қонақтар мен қатысушылар пiкiрлерiмен бөлiсiп, көрмелердi талқылады. Соңында өз педагогикалық тәжiрибесiмен бөлiскен педагогтарға сертификаттар, сондай-ақ семинарды дайындау мен ұйымдастыруға белсендi қатысқаны үшiн мектеп басшылығына алғыс хат табыс етiлдi.
04.05.2019
Қаралым саны: 1581
Қаралым саны: 1581