2019 жылғы 25 сәуiрде №1 Смирнов орта мектебiнiң базасында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Мамлют, Есiл, Қызылжар, М. Жұмабаев және Аққайың аудандары мектеп директорларының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасарлары мен тәлiмгерлерi қатысқан «Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайларда бiлiм алушыларды кәсiби бағдарлаудың заманауи тәсiлдерi рухани және патриотизм эталоны ретiнде» атты облыстық семинар өткiзiлдi. Семинар жұмысының негiзгi бағыты кәсiби бағдар беру жұмысында сабақтастық болды, әр түрлi жас категорияларымен жұмыс көрсетiлдi.
Семинарға қатысушылардың назарына мектеп алды даярлық сынып оқушыларының «Кiм болу керек?», 6 сынып оқушысы Ким Лизаның «Жаңа заман кәсiптерi «атты зерттеу жобасы, TEDх форматындағы түлектердiң сөз сөйлеуi,» Жүз жол — бiрi сенiкi!». Семинарға қатысушылармен бизнес сабағы өткiзiлдi. ЖЖИ жұмысы жүйелендiрiлiп, жалпыланды, үгiт бригадасы көрсетiлдi.
Семинар соңында «Ұлы даланың жетi қыры» атты музыкалық композиция ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар семинарға жоғары баға берiп, семинарды жоғары ұйымдастырғаны үшiн мектеп әкiмшiлiгiне алғыстарын бiлдiрдi.
Қаралым саны: 1575