«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аққайың ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыруға конкурс жариялайды
Өтініштер мен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР СҚО Смирново селосы, Труда көшесі 16.
Өтініштің формасы 1 қосымшада
Аққайың білім бөлімінің электронды мекенжайы akkain.roo@sko.kz
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Мектепке дейінгі ұйымдар басшы қол қойған және мөрмен расталған құжаттарды Білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ-нің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Құжаттарды электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім беруді басқару органдарының ҚҚҚБ -не қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім бөлімінде қолма-қол беріледі.
Құжаттарды білім бөлімінде тіркеу аяқталған сәттен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды. Құжаттар міндетті түрде бейне және аудио тіркеу жүргізіліп, әлеуетті қызмет берушілердің қатысуымен қаралады.
Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын құжаттарды Комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беру органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Комиссия мүшелері қатарынан айқындаған тұлғалар ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға баруды жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша Комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Білім бөлімі Комиссия хаттамасының негізінде атауын, өтініш берген кездегі бос орындар санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымды Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту Мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу бойынша келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
Қаралым саны: 393