Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауiпсiздiктерiн қажеттi деңгейде қамтамасыз етудi тапсырды

Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауiпсiздiктерiн қажеттi деңгейде қамтамасыз етудi тапсырды

2019 жылғы 3 мамыр күнi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинованың төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi — ВАК) ХХIV отырысы өттi.

Отырыста бiлiм беру ұйымдарында оқушылардың қауiпсiздiгiн арттыру, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, балалар үйлерiн қысқарту, психологиялық медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметi төңiрегiндегi мәселелер қаралды. Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөнiндегi уәкiл Сәуле Айтпаева, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова, ВАК мүшелерi, орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар, Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары қатысты. Сөз кезегiнде, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпова Денсаулық сақтау министрлiгi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi өзара бiрлесе отырып, «Отбасыны жетектеу институтын» құру қажет деген ұсынысын бiлдiрдi.

Отырысты қорытындылаған Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi Күләш Шәмшидинова жазғы демалыс уақытында балалардың қауiпсiздiгiн қажеттi деңгейде қамтамасыз етудi, сондай-ақ оқушылардың қауiпсiздiгiн, жазғы демалыспен балалардың қамтылуын ұлғайту, елдегi балалар үйлерiн қысқарту, психологиялық медициналық-педагогикалық комиссиялардың қызметiн күшейту бойынша қосымша шараларды қабылдау жөнiнде нақты тапсырмалар бердi.

Ақпарат үшiн. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (ВАК) Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Аталған комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында 2007 жылы құрылған.

ҚР БҒМ баспасөз қызметi

http://bilimdinews.kz/?p=36727

04.05.2019
Қаралым саны: 1464
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz