Балақайлар мектебі

Жаңа талаптар аясында аудан мектептері жанынан кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 9 тамызынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған, 1 қыркүйектен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын және ата-аналарының қалауы бойынша 1 сыныпқа баратын балаларға арналған "Балақай мектебі" қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары ұйымдастырылды.

Дайындық курстарының мақсаты бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуін қамтамасыз ететін, балалардың бастауыш мектепте оқуға интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды ерікті дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру болып табылады

Жұмыстың негізгі бағыттары: 1. Сөйлеу әрекетін және қолдар мен саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту. 2. Математикалық қызмет негіздерін дамыту. 3. Танымдық процестерді (ойлау, зейін, есте сақтау) және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

09.08.2021
Қаралым саны: 1017
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz