Құрметтi талапкерлер! Биыл ҰБТ форматы мен тиiстi пән комбинациялары өзгерiссiз қалды. Жаңалық — 2019 жылдан бастап мамандық емес бiлiм беру тобы таңдалатындығында. Ол жайында ҚР БҒМ ресми Фэйсбук парақшасында хабарланды.
Алдымен барлық өзгерiстер туралы айтайық. Ол бойынша сiздер қалаған оқуларыңызға оңай түсе аласыздар:
- ҰБТ-ны жыл бойы 4 рет ақылы түрде тапсыруға болады.
- ТжКО түлектерi ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына ақылы түрде түсiп, оқуларын қысқарған бағдарлама арқылы жалғастыра алады. Оқуға қабылдану үшiн бар болғаны ЖОО сынағынан өтуi керек.
- Кешендi тест ҰБТ-мен бiрiктi.
Сондай-ақ «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша балл шегi алпысқа дейiн көтерiлдi.
Ендi әр бөлiмге толығырақ тоқтала кетсек.
2019 жылдан бастап ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға болады. Жоғары оқу орнына ақылы түрде түскiсi келетiндер қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айында тест тапсыра алады. ҰБТ тапсырған сайын пәндi өзгертiп тұруға да болады.
Тек 20 маусым мен 5 шiлде аралығында ҰБТ тапсырып, шектi балл алған талапкерлер ғана бiлiм беру гранттары байқауына қатыса алады.
Бейiндi пәндер комбинациясы өзгерген жоқ.
- Математика — Физика (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 25).
- Математика — География (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 9).
- Биология — Химия (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 16).
- Биология — География (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 9).
- Шет тiлi — Дүниежүзi тарихы (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 5).
- География — Шет тiлi (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 2).
- Дүниежүзi тарихы — Адам. Қоғам. Құқық (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 2).
- Дүниежүзi тарихы — География (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 5).
- Қазақ тiлi/ Орыс тiлi — Қазақ әдебиетi /Орыс әдебиетi (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 4).
- Химия — Физика (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 1).
- Шығармашылық емтихан — Шығармашылық емтихан (Бiлiм беру бағдарламаларының топ саны: 19).
БIЛIМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН БЕЙIНДI ПӘНДI ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК?
Бұрын гранттар мамандық бойынша бөлiнетiн. Ендi — бiлiм беру баңдарламалары бойынша бөлiнедi. Барлығы 97 топ бар, тiзiмi бiздiң сайтымызда берiлген: ҰБТ бейiндiк пәндерi көрсетiлген бiлiм беру бағдарламалары топтарының тiзбесi
Ұлттық тест орталығы видео да дайындаған. Онда тиiстi пәндер тiзiмi мен оған сәйкес келетiн бiлiм беру бағдарламалары берiлген. Бұл тiзiмдi көре салып сiздер тиiстi пәндi қалай таңдау керегiн бiрден ұғасыздар.
Мысалы, маусым айындағы ҰБТ кезiнде сынақты «Биология» + «Химия» комбинациясы бойынша тапсырасыз делiк. Ендеше, бiлiм беру бағдарламасын 16 бағдарлама iшiнен iздейсiз. Бiр ескерерлiгi, бакалавриатқа түсетiндер төрт топтан артық таңдай алмайды.
Осылайша, «Биология» + «Химия» таңдағанда сiзде мынадай оқу бағдарламалары тiзiмi шығады:
- «Химия пәнiнiң мүғалiмi».
- «Биология және аралас ғылымдар».
- «Ветеринария».
- «Жалпы медицина».
Егер шығармашылық мамандық таңдар болсаңыз және осы бағытта грант ұтып алу ойыңызда болса тек бiр ғана бiлiм беру бағдарламасын таңдай аласыз.
Мысалы, «Аудиовизуал құралдар және медиаөндiрiс» пәнiн таңдай отырып, тиiстi пән бойынша екi шығармашылық емтихан тапсырасыз. Бүл ретте бiлiм беру бағдарламасы мынадай болады:
- «Операторлық өнер».
- «Баспа iсi».
- «Полиграфия».
ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖОО-ға ҚАБЫЛДАУ
ҰБТ тапсырып шектi балл алған соң бiлiм беру грантын тағайындау байқауына қатыса аласыз. Өтiнiмдер 13-20 шiлде аралығында қабылданады. Құжат тапсыру барысында ЖОО мен 4 бiлiм беру тобын көрсетесiз (қалай таңдау керектiгiн жоғарыда түсiндiрдiк).
Грант бiлiм беру бағдарламасына бөлiнедi. Ал бiлiм беру бағдарламасының өзiн сiз жоғары оқу орнына барған кезде таңдайсыз (бұрын ол — мамандық таңдау деп аталатын).
Мысалы, «Химия пәнi мұғалiмдерiн дайындау» бiлiм беру бағдарламасы тобының грантын ұтып алған жағдайда — жоғары оқу орнына қабылдану барысында оқу орнының бiлiм беру бағдарламалары тiзiмiн қарайсыз. Жоғары оқу орнында «Химия» немесе «Химия-Биология» пәндерi болса — екеуiнiң бiрiн таңдайсыз.
Оқуға қабылдау 10-20 тамыз аралығында өтедi. Оқуға түскенi жайлы бұйрық нақты бiлiм беру бағдарламасына орай шығады. Оқу бiтiрген соң дипломды сол бойынша аласыз.
Бiлiм беру бағдарламалары топтары бойынша грант саны нақтыланған соң, тiзiм БжҒМ мен ҰТО сайтында жарияланады. ЖОО жүзеге асыратын бiлiм беру бағдарламалары реестрi де сол жерде iлiнедi.
ШЕКТI БАЛЛ
Шектi балл деңгейi өзгерiссiз:
- Ұлттық ЖОО — кем дегенде 65 балл;
- Басқа жоғары оқу орындары — кем дегенде 50 балл.
Дей тұрғанмен, «Педагогика ғылымдары», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» — кем дегенде 60 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету (медицина)» — кем дегенде 65 балл.
Оның iшiнде:
- Қазақстан тарихынан, математикадан сауат, оқу сауатынан (қай тiлде оқығанына байланысты) кем дегенде 5 балл;
- Тиiстi пәндердiн әрқайсынан 5 баллдан кем емес (бұдан тек шығармашылық дайындықты қажет ететiн бiлiм беру бағдарламаларына түсушiлер ғана босатылған).
КЕШЕНДI ТЕСТ
2019 жылы ҰБТ мен кешендi тест бiрiктiрiлдi. Дегенмен әр санаттағы талапкерлер әр топқа бөлiнедi және сынаұқты бiр күнже тапсырмайды.
Тағы бiр жаңалық: ТжКО түлектерi Ұлттық бiрыңғай тест тапсырмай-ақ өз пәнi бойынша қысқартылған бағдарламаға сәйкес ақылы бөлiмге түсе алады. Ол үшiн сол ЖОО сынағын ғана тапсырады.
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2017-2018 оқу жылында жоғары оқу орнына түсу сынағы мектеп бiтiру емтихандарынан ажыратылды. Ендi ҰБТ-ның мектеп бiтiру сынағына қатысы жоқ. Тест нәтижесi мектеп рейтингiне әсер етпейдi.
ҰБТ — талапкерлердiң жеке жұмысы. Мектеп бiтiрушiлер тест тапсыру үшiн онлайн немесе жазбаша тiркелiп, ЖОО-ға сынаққа барады. Мектеп ҰБТ тапсыратын күнi оқушыларды оқу орнына тасымайды, мұғалiмдер тест тапсыратын бала санын өткiзбейдi.
Бүл материал сiздер үшiн пайдалы болды деп сенемiз. Жоғары оқу орнына тапсыру, түсу жайлы көкейлерiңiздегi сауалдарға жауап ала алды деп үмiттенемiз. Талапкерлерге сынақты сәттi тапсыруды тiлеймiз!
Ссылка: http://bilimdinews.kz/?p=38000
Қаралым саны: 2202